Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Джип көлігімен бір тонна балық тасыған оралдықтар ұсталды

AstanaTV
08.01.2020ж. 20:00
2231
Джип көлігімен бір тонна балық тасыған оралдықтар ұсталды

Бүгін Оралда 1 тоннадан астам балықты джип көлігімен тасыған екі азамат бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. «Лексус» көлігіне тиелген балықтың тиісті құжаттары жоқ болып шықты. Тексеру барысында көлік күдіктілерден сазан, тұқы, шортан және жайын секілді балық түрлері табылды. Қылмыстық кодекстің  196-бабы 1-бөлігімен тергеу басталды. Балық тәркіленіп, уақытша сақтауға тапсырылды. Кейін мемлекет пайдасына өндірілмек. Ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Көлік иесі де заң алдында жауап бермек. Айта кетейік, облыста 6 қаңтарда «Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталды. Ол бір айға созылады.

Еламан ВАЛИЕВ, БҚО ПД ЖПҚ ТАБИҒАТҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Көлік жүргізушісі балықты Атырау облысынан әкеле жатқанын айтты. Бірақ тиісті құжаттары болмағасын, балық контрабандалық тауар саналады. Әрі заңға енгізілген өзгерістерге сай, осындай әрекет жасағандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, бас бостандығынан да айрылады.


Е. Карин