Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматы жатақханаларының бірі егеуқұйрықтар баспанасына айналған

AstanaTV
17.02.2020ж. 20:00
2667
Алматы жатақханаларының бірі егеуқұйрықтар баспанасына айналған

Алматыда студенттер кеміргіштерге толы жатақханада тұрып жатыр. Адам шошырлықтай жағдайдағы студенттер үйін «Jas Otan» жастар қанаты анықтады. Олар мұндағы тұрғындардың талай рет егеуқұйрықтардың қаптағаны туралы ескертіп, арыз жазғандарын айтады. Алайда, естір құлақ болмапты. Жатахқана басшысы қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз деп құтылатын көрінеді. Жасотандықтар мұндай көрініске қазір студенттердің өзінің көзі үйреніп кеткен дейді.

Жеңіскүл ӘБДІРАСЫЛОВА, ЖАТАҚХАНА МЕНЕДЖЕРІ:

Мынаны мен шығарып тастайын, деп жатқанмын. Ешкім қолданбайды. Мен ойламаппын, мынаның ішіне тышқан кіріп кетеді, деп. Тышқан бар екенін менде жасырмаймын. Оның барлығын улап жатырмыз, кетіріп жатырмыз. 1958 жылғы нысан болған соң шығып кетіп жатыр ғой.

Мәди АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз көп нәрсе сұрап жатқан жоқпыз. Жаңа жатақхана салыңдар, бес жұлдызды қонақ үй ретінде жасаңдар, деп. Біздің сұрап жатқанымыз, ең минимальды түрде студенттерге таза, қауіпсіз өздеріңіз көрдіңіздер есіктердің бірталайының құлпысы жоқ. Екі жатққа түсіп қалған. Сондықтан осы мәселені көтеріп, айту, түсіндіру, жеткізу.


А. Кемелжан