Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Президент Нұр-Сұлтандағы блок-посттарды аралап көрді

AstanaTV
19.03.2020ж. 20:00
1777
Президент Нұр-Сұлтандағы блок-посттарды аралап көрді

Дәрігерлерге жалақы мен сыйақыны уақтылы төлеу керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерімен елордадағы блок-бекеттерді аралау кезінде осындай тапсырма берді. Қала шекарасын тексеріп жүрген видеоны Президент телерадиокешені жариялаған. Қасым-Жомарт Тоқаев онда елорда әкімі мен бірқатар министрлердің вируспен күрес жөніндегі есептерін тыңдады. Қала қауіпсіздігі үшін қызмет еткен жауапты органдардың жұмысына мемлекет басшысы оң бағасын берді. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі мұндағы дәрігерлер қалаға кіріп жатқан азаматтардың температурасын өлшеп, қолына қауіпті індет туралы анықтама парағын беріп жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Дәрігерлер, медбикелер қазір өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Жұмыстары ауыр. Түсінеміз. Оларға тағы да алғысымды айтқым келеді. Оларға толығымен жалақылары мен сыйақыларын уақтылы төлеу керек.

А. Мүтәлі