Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыдағы дәрігерлер тұратын жатақханалардың санитарлық тазалығы бақылауда, - "Nur Otan"

AstanaTV
29.04.2020ж. 20:00
1880
Алматыдағы дәрігерлер тұратын жатақханалардың санитарлық тазалығы бақылауда, - "Nur Otan"

Алматыда дәрігелер уақытша тұратын нысандардың санитарлық тазалығын қатаң бақылауда. Қалалық партиялық бақылау комиссиясы осыны мәлім етті. 3 мыңнан аса алматылық ақ халатты қазір 28 жатақхана мен қонақүйге орналастырылған. Комиссия өткен аптада алғаш тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтапты. Санитарлық заттардың жетіспеушілігін де тіркеген. Бүгін тағы да тексеріс жүргізіп, кемшіліктер түзетілген, - деді. Мамандар апта сайынғы тексеру жұмыстарын елде төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғастырмақ. 

Әміржан НАБИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МЕДЕУ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз уақытша баспаналардағы санитарлық тазалықты, нысанды тазалау кестесі қалай жүргізіліп жатқанын тексердік. Кемшіліктер жоқ. Кейбір мәселелерге қатысты ескертпелер жасадық. Талаптардың сақталуын алдағы уақытта да қадағалаймыз.

Бақыт ӘБІЛДАЕВА, МЕЙІРБИКЕ:

Жағдайымыздың бәрі жасалған. Өткен аптада «Нұр Отан» келіп тексеріп кетті. Келген кезде жеміс-жидектерін, санитарлық заттарын әкеліп, беріп кетті.

А. Кемелжан