Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ҚР Парламенті Мәжілісінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар мәселесі талқыланды

AstanaTV
29.04.2020ж. 20:00
2334
ҚР Парламенті Мәжілісінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар мәселесі талқыланды

Осы айда 90 мыңға жуық жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталады. Уақыты өтіп кеткен құжат иелері не істейді? Бұл сұрақ бүгін Мәжілісте қаралды. Төменгі палата депутаты Шавкат Өтемісовтың айтуынша, қолданыстағы Заңға сәйкес мерзімі өтіп кеткен жеке куәлік иесіне 7 айлық есептік көрсеткіш түрінде, ал көлікті құжатсыз басқарған адамға 20 айлық айыппұл салынады. Яғни, мамыр айында айыпұл алатын азаматтар қарасы көбеймек. Депутатқа ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жауап берді.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ішкі ішстер министрінің арнайы қаулысына сәйкес мерзімі өтіп кеткен құжат иелері әкімшілік жауапқа тартылмайды. Оның ішінде жүргізуші куәлігі, қару сақтау лицензиясы бар. Жеке куәлік бойынша. Мемлекет басшысының атына ұсыныс әзірленді. Төтенше жағдай кезінде аталған норманы Президент Жарлығымен ұзарту қажет. Ондай құжаттар тізімі өте көп.


Д. Мұхаммедкәрім