Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ақкөл су айдынында балықтарды сала мамандарының салғырттығынан қырылып жатыр

AstanaTV
11.05.2020ж. 20:00
4746
Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ақкөл су айдынында балықтарды сала мамандарының салғырттығынан қырылып жатыр

Мына кадрларды жергілікті тұрғын түсіріпті. Артынша желіге салған. Әңгіме Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ақкөл су айдынындағы балықтарға қатысты болып тұр. Куәгерлер оқиғаның 10 сәуірде болғанын айтады.

Ауыл тұрғындарының сөзінше көлден шыққан балықтар суармалы егіс алқабына ағып, су тартылған соң, арықта қырылып қалған. Жауаптылар ҚазСу Шаруашылығы мекемесіндегі мамандар егістікке су жіберерде, балықтарды ұстап қалар торлардың жаппаған деді. Балық аулауға тиым салынса да, жауаптылар оны қолдан қырып жатқанын айтады. Қазіргі таңда табиғатқа келтірілген шығын көлемі есептелуде. Залал мөлшері тиісті нормадан көп болса, кемшілікке жол бергендер әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Болат АСАНБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Камиссия тобы құрылып, балықтың қырылған жеріне барып балықтың қырылғаны анықталды. Бұл бойынша кінәлі тараптар ол жерде платина ҚазБатХоз деген мекеменің құзырында. Сол жаңағы жауапты мамандардан түсінік алынып, қазіргі уақытта іс құжаттар жинақталып құзырлы органға жіберіледі.

Б. Жұмабайұлы