Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Маусымның 1-де блок-бекеттер ашылады, - С.Байғабылов

AstanaTV
29.05.2020ж. 20:00
2734
Маусымның 1-де блок-бекеттер ашылады, - С.Байғабылов

1 мауымнан бастап қалалар арасындағы блок-бекеттер алынады. Бұл туралы Индустрия және Инфроқұрылымдық даму министрлігі Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты. Сонымен қатар, Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымдағы шешіміне сәйкес қалааралық автобустардың қатынасы қайта жандана түспек. Алайда, "Блок-бекетердің алынғаны карантиннің біткендігін білдірмейді", деді Сәдуақас Байғабылов.

Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ, ҚР ИИДМ КӨЛІКТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:


Облыс орталықтары арасында автокөлік қатынастары жанданады. Тұрғындар теміржол немесе автобус көлігімен және жеке көлігімен де сапарлай алады. Нақтылай кетейін, бұл карантинге дейінгі жағдайға қайта ораламыз деген сөз емес, санитарлық ережелер бұдан кейін де қатаң сақталатын болады.


COVID-19 жайлы бірер ақпар. Республика көлемінде індетке шалдыққандардың саны 10 мыңға таяды. Оның тең жартысы жазылып үйлеріне шыққан. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте анықталған науқастардың арасында жаңа туған сәбилер де бар.

Бұдан бөлек, коронавирустан қайтыс болғандардың зияратында ресми мәліметтегідей 6 адам емес, 10 адам жерленген. Мұны елорданың бас дәрігері Сәуле Қисықова былай түсіндірді.

Сәуле ҚИСЫҚОВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Енді ол зиратта тағы да 4 адам жерленген. Олар біздің сот-медициналық сараптамасының  қорытындысына сәйкес, олардың өлім себебі: басқа ауру немесе жазатайым болған. Бірақ енді қосымша оларды зерттеу жасайды енді коронавирус инфекцияясына.


А. Данияр