Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Отан алдындағы парызын өтеген Ұлттық Ұландар үйіне ұшақпен оралды

AstanaTV
29.05.2020ж. 20:00
3351
Отан алдындағы парызын өтеген Ұлттық Ұландар үйіне ұшақпен оралды

Ұлттық Ұлан тарихында тұңғыш рет отан алдындағы парызын өтеген сарбаздар үйіне ұшақпен қайтарылды. Өйткені, короновирус карантиніне байланысты қалалар арасындағы көліктік байланыстың үзілуі. Ұшақпен оралу әрине сарбаздардың көңіліне қонымды. Өйткені, жауынгерлер үйіне екі ақ сағатта жетті. Айта кету керек. Ұлттық Ұландар карантиндік бригада құрамында болды. Олар, қала тәртібін қамтамасыз етіп, дезинфекция жұмыстарына тартылған. Толығырақ, Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:


Ұлттық Ұланның 33 жылдық тарихында алғаш рет Отан алдында борышын өтеген сарбаздар АН-23 ұшағымен үйіне қайтады. Қазір сіз бен біз ұшақ ішінде санитарлық нормалар толық сақталған ба, бірге көз жеткіземіз.

Павел ХРЕБТОВ, ҚР «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ КОМАНДИРІ:

Барлық авиациялық техникаға ұшарда және қонғаннан кейін дезинфекция жасалады. Экипаж мүшелері қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Антисептик, маска барлығы бар. Және ұшақпен қайтудың тағы бір еркшелігі бөтен адамдармен байланысқа түспейді. Әскери ұшақ болғандықтан бөтен ешкім жоқ. 


Үйге ұшақпен оралатын сарбаздардың қуанышында шек жоқ. "Ата-ана, ағайын, дос-жорандарымен сәл де болсын ерте кездесетін болдық", дейді жауынгерлер.

Нүркен КЕҢЕСБАЙ, САРБАЗ:

Ұшаққа бірінші рет отырмақшымыз. Толқып тұрмыз. Үйге аман есен жетсек, әке-шешемізге. Отандық борышымызды атқарып келдік деп ағайын-бауырлармен амандасып қайту жоспарда.

Отан алдындағы борышын өтеген 800 ұлан бар. Бірақ олардың бәрі бүгін үйіне ұшақпен қайтпайды. Қала маңындағылар үйлеріне әрине көлікпен жетеді.

Ерлік ЫҚЫЛАСОВ, 5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір жылдың ішінде біздің сарбаздар қоғамдық тәртіпті сақтап қана қоймай әскери мамандықтарға ие болды. Мысалы байланыс торабының мамандары, жүргізушілер және аспазшылар.

Ә. Өмірзақ