Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елорда маңындағы Қосшы ауылы жарықсыз қалды

AstanaTV
01.06.2020ж. 20:00
4752
Елорда маңындағы Қосшы ауылы жарықсыз қалды

Ел аман- жұрт тынышта Елорданың іргесіндегі Қосшы кенті, жарықсыз қалды. Бұл елді мекенде электр қуаты жыл басынан бері тұрақсыз көрінеді. "Екі күннің бірінде жарық- өше береді", дейді арнамызға телефон соққан көрермен. Тыңдайық.

Зарина ИБРАЕВА, ҚОСШЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа жылдан бастап үнемі бүткіл үйдің светін өшіріп тастайды. Ескертпейді. Олар бүткіл үйді өшіріп тастадйы, бірақ мен ай сайын төлеп отырамын. Олардың айтатын сөздері кейбір адамдар светке төлемейді, сондықтан өшіріп отыр.


Бұл мәселенің анық-қанығын білу мақсатында- ауыл әкімдігіне хабарластық. Дәл қазір бізбен байланыста Қосшы ауылы әкімі аппаратының бас маманы Нұрлан Атош. Қайырлы кеш, Нұрлан Қамбарұлы. Алтын орда тұрғын үй кешені неге жарықсыз отыр?

Нұрлан АТОШ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОСШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

"Академия жилья" дейтін құрылыс компаниясы салып жатыр, мердігер. Қазіргі уақытта тұрғындардың қарызы жиналып қалған, 14 млн теңгедей. Бірінші төлеуі керек. Содан кейін келісімшартқа шыға алады.

Борышкерлердің мәселесі бір бөлек, коммуналдық төлемдерді үнемі төлеп келе жатқандарды қайтеміз?

Нұрлан АТОШ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОСШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл жерде проблема тұрғын үй әлі АРЭК-пен келісімшарт жасамаған. Тұрғындар мен АРЭК ЖШС келісімшарт жасасуы үшін "Академия жилья" үйді толық тапсыруы керек.

Неге әкімдік тарапынан дер кезінде тиісті бақылау жүргізбейсіздер?

Нұрлан АТОШ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОСШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі уақытта ТЖ енгізілместен бұрын ремонт жұмыстары жүргізілді. Қазір қайтадан жұмысты бастады. Екіншіден тұрғындар қарыздарын толық өтеуі тиіс, сосын АРЭК-пен тұрғындар жеке келісімшарт жасай алады.

Енді жұмысты тездетіп, бақылау жүргізесіздер ме?

Нұрлан АТОШ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОСШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Сөйлесіп, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. 1-2 ай ішінде жағдай қалпына келуі керек. Одан кейін мұндай жағдайлар болмайды.

Жақсы. Сұхбатыңызға рақмет! Айта кетейін, бізбен тікелей байланыста болған Қосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрлан Атош. Көрермендердің мәселесі жақын күндері шешіледі деп сенеміз. Бізде өз тарапыздан бұл жағдай бақылауда ұстаймыз! Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз!

Ә. Өмірзақ