Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Тобыл өңірінің тұрғыны жұмыста жыныс мүшесін кесіп тастаған

AstanaTV
05.06.2020ж. 20:00
3296
Тобыл өңірінің тұрғыны жұмыста жыныс мүшесін кесіп тастаған

Тобыл өңірінің тұрғыны сау басына сақина тілеп алды. 41 жастағы ер адам жұмыста жүріп жыныс мүшесін кесіп тастаған. Денесіне ауыр жарақат салған жанкешті, Лисаковтағы ірі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Оқыс оқиға осыдан 3 күн бұрын болған. Дәрігерлер дереу ота жасапты. Қазір науқастың өміріне қауіп жоқ, деді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше оның кесіп тастаған дене мүшесін қалыпқа келтіру мүмкін болмаған. Дейтұрғанмен, жұмысшының неліктен мұндай қадамға барғаны әзір белгісіз. Полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Аталған фактінің тіркелгені рас. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ер адам ауруханаға жатқызылған. Әзірге белгілі болғандай аталған жарақатты ер адам өзіне өзі салған. Барлық толық дәйектер тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болады.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жашкешті - «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамына қарайтын Красноояктябрь боксит кеніш басқармасының жұмысшысы екені жарияланды. Аталған басқарманың баспасөз хатшысы бұл ақпаратқа қатысты жауап қатпады. Олар сауал хат жолдауды сұрап отыр.

З. Санай