Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қарағандыдағы онкологиялық диспансердің қосымша құрылысын нұротандықтар бақылауына алды

AstanaTV
19.06.2020ж. 20:00
2208
Қарағандыдағы онкологиялық диспансердің қосымша құрылысын нұротандықтар бақылауына алды

Қарағанды облысындағы онкологиялық диспансерге тиесілі операциялық блоктың құрылысы басталмаған. Обырды емдейтін елдегі ең үлкен мекеменің жауапты шаруасын мойнына алатын компания әлі табылмаған. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің тапсырмасымен ауруханаға барған бақылау комитеті осыны анықтады. Мониторингтік топтың айтуынша, бар мәселе елдегі құрылыс байқауларының дұрыс өтпеуінде.  

Болат БАЗАРБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мәселе сол, республика бойынша тендер дұрыс өтпейді. Құрылыс жұмыстары мен қондырғыларды сатып алуға, яғни екі мәселеге бір ғана байқау жарияланған. Бұған қай компания келіседі? Құрылыс бөлімі екі рет тендер өткізсе де ешкім табылмапты. Өйткені медициналық өндіріс технологиясы бір орында тұрмайды, жыл сайын дамитынын, сөйтіп қымбаттап кететінін бәрі біледі. Қысқасы құрылысты 2-3 жылда аяқтап, одан кейін қалған ақшаға қондырғы орнату компанияларға тиімсіз. Сондықтан құрылысқа жеке, қондырғыларға жеке байқау жариялау керек.

Партиялықтар бұл мәселені шешуге ат салыспақ. Дәлірек айтсақ елдегі байқау өткізу ережесін өзгерту керектігін ұсынды. Өйткені тендердің дұрыс өтпеуінен Қарағандыдағы балалар ауруханасының құрылысы да тоқтап тұр. Айта кетейін онкологиялық диспансерде 21 мың науқас есепке алынған. Жыл сайын республика бойынша 4 мың адам обырға шалдықса, олардың 54 пайызы дертінен айыққан.

А. Қуаш