Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтаулық полицейлер арыстан ұстап алды

AstanaTV
25.06.2020ж. 20:00
4118
Ақтаулық полицейлер арыстан ұстап алды

Ақтаулық полицейлер көше кезген арыстанды ұстап, қамап қойды. Олар енді оның қожайынына іздеу салуда. Ақшүкір кентін емін-еркін кезіп жүрген аң патшасын алдымен тұрғындар байқап, ұялы телефонға түсіріп алған. Артынша полицияға хабар беріпті.

Арыстан халық шоғырланған жерге қайдан келгені әзір белгісіз. Белгілісі ұсталған аң 1-1,5 жаста болуы мүмкін. Оған қоса арыстандардың Африкада ғана кездесетін тұқымдастарына жатады. Адамдардан үрікпегендігіне қарағанда, үйде ұсталған болуы мүмкін деген де болжам бар. Бүгінде бұл жыртқыштар СИТЕС, яғни жоғалу қаупі бар жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы бойынша конвенцияның тізіміне енгізілген.

Е. Карин