Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

COVID-19: Қазақ елінде короновирус жылдам тарап жатыр

AstanaTV
26.06.2020ж. 20:00
4418
COVID-19: Қазақ елінде короновирус жылдам тарап жатыр

COVID-19 әлемде жылдам тарап барады. Бір ғана АҚШ-та короновирус жұқтырғандар саны 20 млн адамға жетуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне қарағанда АҚШ-та пандемияның екінші кезеңі басталу қауіпі бар. Қоғамдық орындар мен мейрамханалар жаппай ашылғалы бері дерттің таралуы үш есеге артқан. Коронвирусты жұқтырғандар саны Америкада осы күнде 2,5 млн адамға жақындап қалды. Билік бұл көрсеткіш 20 млнға жетуі мүмкін деп қауіптенеді. Ауруханалар болса науқасқа толы. Дәрігерлердің айтуынша COVID-19 жұқтырғандар арасында жастар көбейген.

Анжелика КЭМПЕН, ЛОС-АНЖЕЛЕС АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Пандемия басталғанда ауырғандардың дені орта жастан асқан азаматтар еді. Қазір жағдай мүлдем басқа. 21-49 жастағы адамдар короновирус жұқтырып жатыр. «Бетперде киіп жүріңдер», деп ескертуден біз шаршадық Құлақ асқандар жоқ. Маска тағу қиын емес ол сіздің өміріңіз үшін қажет.


Британияда да осыған ұқсас жағдай. Сақтық шараларын сақтамайтындар көп. Бонмут шағын қалашығында ел жағажайға жиналып алған. Медициналық бетперде ешқайсысында жоқ. Қаптаған жұрт көлік қозғалысын қиындатқан. Ал, ішіп алған демалушылар болса төбелес шығарып жергілікті билікті әбігерге салып қойды. Жағажай күл-қоқысқа толды. Түнгі ойындардан кейін бұл жерден күніне 33 тонна қалдық жиналатын көрінеді. Карантин режимінің босағаны еуропалық дәрігерлерді де алаңдатты.

Ханс КЛЮГЕ, ДДСҰ ЕУРОПА АЙМАҚТЫҚ БЮРОСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Соңғы екі аптада еуропалық 30 елде жағдай ушығып тұр. Оның 11-де ауырған адамдар саны бірнеше есеге артты. Бақылаудың әлсіреуі Еуропа медицинасын құзға құлатуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тізіп шыққан елдер арасында Қазақстан да бар. Короновирус шапшаң тарап жатқан мемлекеттер тізіміне, көрші Қырғыз Республикасы да еніпті.

Д. Мұхаммедкәрім