Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкент тұрғыны туысына сенемін деп баспанасыз қалды

AstanaTV
30.06.2020ж. 20:00
2235
Шымкент тұрғыны туысына сенемін деп баспанасыз қалды

Шымкент тұрғыны туысына сенемін деп баспанасыз қалды. Миракбар Кочкаровтың үйі сырттай сатылып кеткен. "Мұны тек сот орындаушылары келгенде бір - ақ білдік", дейді үй иесі. Айтуынша, жездесі 2017 жылы баспана құжатын сұрап алыпты. Үйді кепілге қойып 7 млн теңге қарыз алғанын Миракбар Кочкаров кейіннен біліп отыр.

Миракбар КОЧКАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

2017 жылы ол қатты ауырып жүрген анамды нотариусқа апарып, құжатқа қол қойдырып алыпты. Анам оның не құжат екенін де білмеген. Біз мұны сотта дәлелдедік. Ал үйдің меншік иесі, яғни әкемнің келісімін ешкім алмаған. Біздің куәгерлеріміз бар.


Екі жақ 3 жыл ішінде бернеше рет соттасқан. Соңғы сот қарыз берген адамның пайдасына шешіліпті. Үйдің жаңа иесі, құжаттардың Заңды рәсімделгеніне сенімді. БІрақ, сұхбат беруден бас тартты.

Қара шаңырағынан айырылып қалған отбасы болса құжаттарға сенбейді. Сот Үкімімен де келіспейді. Әділдік іздеген Кочкаровтар енді Жоғарғы сотқа жүгінбек. Мұндай жағдай Шымкентте бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. "Алаяққа жем болдық" деп шағымданатындар саны жылдан жылға артып келеді. Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері 700-ге тарта іс тіркелген. Соның 250-ден астамы сотқа түсті. Дені, таныстарының сөзіне сеніп "тақырға отырғандар".

А. Төребекқызы