Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әлем көшбасшылары қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

AstanaTV
03.07.2020ж. 20:00
4638
Әлем көшбасшылары қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

Қазақстан Елорда күніне қызу дайындалуда. Алайда, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты барлық жоспарланған іс-шара онлайн режимде өтетін болды. Айта кетейін, осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын бұрынғы Ақмола шаһары еліміздің бас қаласы атанып, 6 шілде мемлекеттік мереке болып жарияланған еді. Бұл күн, сонымен қатар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туған күнімен сәйкес келеді. Мерейтойға орай, әлемдік державалардың көшбасшылары толассыз құттықтаулар мен хаттар жіберіп жатыр. Мәселен, Ресей президенті Владимир Путин Елбасыға арнайы бейнежазба жолдаған. 

Владимир ПУТИН: РФ ПРЕЗИДЕНТІ:

Барша қазақстандықтарды мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біздің көпжылдық достығымыз нығая берсін! Нұрсұлтан Назарбаев, сіз өз еліңізде ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде көрнекті мемлекет қайраткері және нағыз көшбасшы ретінде жоғары беделге ие тұлғасыз. Қазақстан осы жылдар ішінде ұлттық келісімді, тарихи, мәдени дәстүрлерді сақтай отырып, сенімді түрде дамып келеді.

Елбасы БҰҰ экс-Бас хатшысынан да құттықтау алды. Пан Ги Мун телефон арқылы Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық пен барлық бастамаларына табыс тіледі. Саясаткер Тұңғыш Президенттің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық деңгейдегі жоғары беделін қамтамасыз етуге қосқан ерекше үлесін атап өтті.

А. Мүтәлі