Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтаулық кәсіпкерлер ауруханаға 25 млн теңгенің медициналық құрал-жабдығын алып берді

AstanaTV
13.07.2020ж. 20:00
2575
Ақтаулық кәсіпкерлер ауруханаға 25 млн теңгенің медициналық құрал-жабдығын алып берді

Коронавируспен күресте кәсіпкерлер белсенділігі байқалады. Ақтаулық екі бизнесмен Маңғыстаудағы ауруханаларға 45 оттегі концентратын сатып алды. Марат Орманов пен Сергей Ворожейкин 25 млн теңге қаржысын жұмсаған. Құрал Ресейден арнайы тапсырыспен аллынды.

Маржан ЖАНАБЕРГЕН, КӘСІПКЕР:

Бізге Мәскеудегі досымыз, жерлес Сымбат Микоян көмектесті. Ол бір күннің ішінде тиісті құралды іздеп тауып, сатып алып ұшақпен салып жіберді.

Мәскеуден Ақтауға дәл сол күні дәрігерлер мінген ұшақ ұшуы тиіс болған. Олар қазақстандық дәрігерлермен тәжірибе алмасып, науқастарды емдеуге көмектеседі. Міне сол ұшақпен кәсіпкерлер алған оттегі концентраттары да елге жеткізілді.

Сергей ВОРОЖЕЙКИН, КӘСІПКЕР:

Мәселе ақшада емес. Адамдардың қиналып жатқанын көріп, қолыңнан келген көмекті көрсетуге тырысасың. Қазір қол ұшын созбасақ, қашан? Сол себепті осы құрылғыларды сатып алдық.

Демеушілер алған аппараттардың 19-ы №1 провизорлық стационарға, 15 -і Жаңаөзен қаласына, 4-еуі «Ана мен бала» орталығына және Мұнайлыға 2-еу, Бейнеу ауданына 4 аппарат табысталды. 

Сағат БІТІМОВ, ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР ДӘРІГЕРІ:

Оттегі концентратынан бөлек балондарды да алып, редуктор арқылы халыққа бөліп беріп отырмыз. Керек адамды қосамыз. Жүз адам болса оның жүзін оттегі концентратына қосып қоймаймыз ғой. 20-сына қажет болар, соларға қосамыз дегендей. Тыныс алуында проблемалар болса қосамыз. Оттегі концентратының көмегі осы.

Айта кетсек бұған дейін де Маңғыстау облысының әкімдігі дәл осындай 58 оттегі концентратын облыстық ауруханаға табыстаған. Онда 380 науқас ем алып жатыр. Жалпы облыста коронавирус пен пневмонияға шалдыққан пациенттерді қабылдайтын 860 орын бар.

Ә. Өмірзақ