Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан коронавирус ушығып тұрған 30 елдің қатарынан көрінді, - ДДСҰ

AstanaTV
16.07.2020ж. 20:00
1857
Қазақстан коронавирус ушығып тұрған 30 елдің қатарынан көрінді, - ДДСҰ

Қазақстан коронавирус ушығып тұрған 30 елдің қатарынан бірақ шықты. Әлемдік ститистка солай деді. Бұл әрине, жағдайдың шиеленісіп жатқандығын көрсетеді. Бүгін Денсаулық сақтау министрінің өкілі індетті жұқтыру деңгейі соңғы аптада 6,7 пайызға өскендігін мәлімдеді. Бұдан бөлек, ауруханада жатқан 300-ден астам науқастың жағдайы ауыр. Оның 67-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Тимур СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз реанимация және анестезиолог бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың барлық саны - 306 сырқат. Ауыр жағдайда - 265 сырқат, өте ауыр жағдайда - 41 науқас жатыр. 


Тимур Сұлтанғазиевтың мәліметінше, коронавирус инфекциясы мен пневмониядан 50-ден астам медицина қызметкері қайтыс болыпты. Оларға мемлекет тарапынан уәде еткілген өтемақы міндетті түрде төленетінін айтты.

Тимур СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің мәліметке сәйкес, 51 медицина қызметкері көз жұмған. Олардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Мемлекет басшысымен 13 шілдеде өмірден өткен әріптестеріміз мемлекеттік наградалармен марапатталды, 42 медицина қызметкеріне марапат берілді.

COVID-19 кеселін жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 миллионн теңгеден өтемақы төлене бастады. Төлем операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бекітілді. Айтуынша, бүгінге дейін өтемақы төлеуге 6 өңірден 123 өтініш келіп түскен. Еске сала кетейін, қызмет барысында коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкеріне - 2 млн теңгеден ал, қайтыс болған дәрігердің отбасына - 10 млн теңге өтемақы бекітілген еді.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:


Ереже бойынша үш жұмыс күнінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұл азаматтарға 2 млн теңгеден төлеуі тиіс. Қаражат өтінімде көрсетілген реквизиттерге жіберіледі. 123 өтінім ішінде қызмет бабында қайтыс болған медицина қызметкерлері жоқ. Олар бойынша өтірінш әлі түспеген.


Министрлік ұсынған сандық мәліметке кезек берсек, өткен тәулікте қытайлық ауруды 1600-ден астам адам жұқтырған. Жалпы, республика бойынша коронавирустық инфекцияға шалдыққан 65 мыңнан астам науқас тіркелді. Жазылып шыққандар:  39 мыңға жетті. Өкінішке қарай, 396 адам көз жұмды.

А. Данияр