Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Атыраудағы зауыт жұмысшыларынан жұқпалы дерт анықталды

AstanaTV
13.08.2020ж. 20:00
2526
Атыраудағы зауыт жұмысшыларынан жұқпалы дерт анықталды

Атырауда тағы бір өндіріс ошағынан індет жұқтырған жұмысшылар анықталды. Мұнай мен газ өңдейтін «Болашақ» зауытындағы 65 қызметкері қазір провизорлық стационарға жатқызылған. Дәрігер алдымен 36 жастағы жұмысшы аурудың белгілерімен медициналық қызметке жүгінген. Қалғандары науқаспен байланысты адамдарды тексеру барысында анықталыпты.

Айгүл ЫСҚАҚОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН  ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
 
Ең алғашқы жағдай НСОС компаниясының 1984 жылғы туған  жұмысшысынан анықталды. Яғни ол симптом белгілері байқалуына байланысты  медициналық клиникаға көмекке жүгінген. Эпидемиологиялық тексеру барысында вахталық қалашық, асхана, медициналық пункт, НСОС компаниясының, «Нефтестрой» компаниясының,   «Ватернас» компаниялары тексерілді.

Дегенмен, өндіріс ошағында жұмыс тоқтаған жоқ. Есесіне санитарлық талаптар күшейтілген. Айта кетейік, бұған дейін аймақтағы ірі «Теңіз» кен орнында да жаппай кеселді жұқтыру дерегі тіркелген болатын. Сәуір айында   4 мыңға жуық адамнан дерттің белгілері анықталған еді.   

Б. Надирқызы