Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда шенділер 15 ауылға таза ауыз су берілді деп министрді алдаған

AstanaTV
14.08.2020ж. 20:00
2504
Павлодарда шенділер 15 ауылға таза ауыз су берілді деп министрді алдаған

Павлодарлық атқамінерлер өңірге іс-сапармен келген Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевті алдап соқты.  Май ауданының тұрғындары осылай дейді. Олардың айтуларынша, «ҚазСуШар» мемлекеттік кәсіпорынның өкілі министрге аудандағы 15 ауыл ауыз суға қосылған – деп есеп берген. Ал, шын мәнінде халық суға жарымай отыр. 

Нұрлан МӘСӘЛІМОВ, ШЫҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Былтыр су болады - деді. Биыл болады - деді. Енді ақпараттар жазып жатыр уже бердік деп. 24 сағат күніне беріп жатырмыз - деп. Енді мен сізге көрсетейін. Әлі міне, салған жоқ. Міне, бәрі жатыр, қайдағы су.

Министр Мағзұм Мырзағалиев өңірге өткен аптада келіпті. Ол аталған ауданға қарасты Баскөл ауылындағы су тазарту стансасында болды. Сол жерде "ҚазСуШар" кәсіпорнының өкілі Әйгерім Ақжанова 15 ауыл ауыз сумен қамтылғанын айтқан еді.

Әйгерім АҚЖАНОВА, "НҰРА ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ" ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РМК БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


С 1 июня мы начали запуск 20 года. И на сегодня 15 сельских населенных пунктов обеспечены питьевой водой, 24 часа.

Шындығына келсек, Шыған ауылына су жетпек түгілі, құбыр да тартылмаған. Ал, 5 ауылда құбыр тартылғанымен, су берілмеген. Кеңтүбек ауылында тұратын Ғұмырсерік Зарыққан суды аудан орталығынан тасып жүр. 

Ғұмырсерік ЗАРЫҚҚАН, КЕҢТҮБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір енді ауылға әкеліп магистрал салып қойды. Оның ішінде әзірге су жоқ бірақ. Енді оны салған Үкіметке рахмет! Енді осы суды бізге тезірек кіргізіп берсе, осындай күнделікті су тасығанның машақатынан құтылар едік.


"Нұра" топтық су құбыры" мемлекеттік кәсіпорынының «Ертіс» филиалы өздеріне шаң жуытқысы келмейді. Филиал директорының міндетін атқарушы Арман Оспанов, су ауылдарға жеткізілді. Бірақ қазір құбырда ақау болып, тоқтап тұр деді.

Арман ОСПАНОВ, «НҰРА ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНЫ «ЕРТІС» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Біз тек магистралды су құбырына ғана жауап береміз. Құбырды барлық ауылға тарттық. Онда 24 сағат су беріліп тұр. Бірақ құбырымыз 15 ауылға бірдей су жібергенді көтермеді ме, бірнеше жерден жарылды. Осының салдарынан қазір 5 ауылда су жоқ. Ал, суды ауылдың ішіне немесе үйге дейін жеткізу біздің құзырымызға кірмейді.

Бірақ аудан әкімі кәсіпорынның ақпаратын теріске шығарды. Ол бірнеше ауылға су тұрмақ, құбырда жеткізілмегенін айтты. Мердігер ақшаны қалтаға басып, Шыған ауылына су апармаған. Ақыры іс сотта қаралып, қаражат кері қайтырылыпты.
 
Марат АҚТАЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Енді бұл бізден ғана байланысты емес. Жанағы өзіңіз білесіз республиканский РГП дейміз олардан да байланысты. Суды бізге көтеріп тазалап беретін де сол организация. Мен ойлаймын, бір айдың ішінде болжаммен қарап отырмыз. Бір айдың ішінде барлығы жарты ай ма бәрін бітіреміз.

Май топтық су құбырын тарту жобасының басынан дау арылмады. Құрылысы 10 жылға жақындаған нысанға алғашында 6 жарым миллиард теңге бөлініп, ол қаражат қолды болған. Осыдан соң жоба тоқтады. 

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Тек 2018 жылы ғана қайта жанданды. Бұл жолы 4 млрд теңге жұмсалған. Құрылысы өткен жылы аяқталды. Бірақ қомақты қаржыға келген жобаның жыры әзір бітер емес. Министрді алдаған шенділер енді тағы 1 ай шыдасаңдар, су беріледі – деп отыр. Топтық су құбыры аудандағы 20 мың  халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қолға алынған болатын.

Ө. Қуанар