Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президент жолдауындағы тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету – басты міндетіміз, - М.Әшімбаев

AstanaTV
01.09.2020ж. 20:00
1901
Президент жолдауындағы тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету – басты міндетіміз, - М.Әшімбаев

Президент  жолдауында айтылған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан уақтылы әрі сапалы қамтамасыз ету – біздің негізгі міндетіміз. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Айтуынша, мемлекет басшысы экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты басымдылықтарды айқындап берді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Жолдауда айтылған тапсырмаларды сапалы қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз.


Жоғарғы палата депутаты Дана Нұржігіт, "Президенттің жолдауы Қазақстан халқының санасына үлкен серпіліс болуы керек", деп есептейді.  Ол дүниежүзінде тараған індет кезеңіндегі ең басты ұстанымдарымызды жоғалтып алмауға шақырды.

Дана НҰРЖІГІТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Мына пандемия кезеңіндегі бағы бір ауруымыз – инфодемия. Инфодемия кезеңінде демократияның орнына хайпакратия келді. Жаңа оны Президентте айтып кеткен болатын. Міне, осы хайпакратияның жолында кетпей, соның жетесінде кетпей өзіміздің басты мақсатымызды жоғалтпауымыз керек.

А. Данияр