Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нұр-Сұлтан әуежайында ақша жымқырған күдіктінің бірі өз-өзіне қол салмақ болды

AstanaTV
30.09.2020ж. 20:00
2154
Нұр-Сұлтан әуежайында ақша жымқырған күдіктінің бірі өз-өзіне қол салмақ болды

Нұр-Сұлтан әуежайынан ақша жымқырған күдіктілердің бірі өз-өзіне қол салмақ болған. Мұны Жоғарғы сот хабарлап отыр. Келтірілген деректерге қарағанда, көп адвокаттың бірі айыпталушының жайсыз сезінуіне байланысты сот процесін кейінгі шегеруді өтініпті. Мемлекеттік айыптаушының талабымен медициналық сараптама жүргізілген. Сараптама нәтижесі айыпталушы келіншектің бірі дәрі ішіп өзіне қол салмақ болғанын анықтады.

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ:

ЕЦ 166/1 мекемесінен түскен сараптама нәтижесіне сәйкес Бабашева дәрі ішіп уланбақ болған. Анықталған жағдай бойынша, оның психологиялық және эмоционалды жағдайын тексеру қажет.

Сот хабараламасына қарағанда, дәрі-дәрмек жұтып уланбақ болған келіншек әуежайдың бұрыңғы бас бухгалтері Әлия Бабашева. Естеріңізге сала кетейін. Нұр-Сұлтан әуежайынан, "Миллиардтаған ақшаны жымқырды", деген күдікке 8 адам іліккен. Оның біреуі бас есепші. Әлия Бабашеваға 1 млрд 700 млн теңге көлемінде ақша жеп қойды және қылмысы әшкере болғанда антикор қызметкерлеріне 16 млн теңге пара бермек болды деген айып тағылған.

Д. Мұхаммедкәрім