Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда COVID-19 жұқтырған дәрігерлер өтемақы түгіл тоқсандық сыйақыларын ала алмай жүр

AstanaTV
09.10.2020ж. 20:00
2314
Атырауда COVID-19 жұқтырған дәрігерлер өтемақы түгіл тоқсандық сыйақыларын ала алмай жүр

Қытайдан шыққан індетпен алысып жүрген атыраулық дәрігерлер, заңды өтемақысын әлі ала алмай жүр. Үкіметтің уәдесін күтіп шаршаған ақ халаттылар, бүгін ақпарат құралдарынан көмек сұрады. Сөздеріне қарағанда, денсаулық сақтау басқармасы, дәрігерлерден бір емес бірнеше рет құжат сұрап ақыры, өтемақыны бермей қалыпты. Ал, №1-ші қалалық емхана басшылығы болса, "Есеп шотымыздағы 70 млн теңгені жоғалтып алып, дифференциалды төлем тоқтап қалды", деген. Ақ халаттылардың жан-айқайын Базаргүл Нәдірқызы тыңдап қайтты.

COVID-19 және пневмония дертімен қатар жүрген қиян-кескі ұрыста Мария Қонарова алдыңғы шепте тұрған дәрігерлердің бірі. Атырауда ол, індетке шалдыққан алғашқы дәрігерлердің бірі. Короновирустық инфекцияны Мария науқастардың бірінен жұқтырғанын анық біледі. Үкіметтің өтемақысын ала алмай жүргеніне 4 айдан асыпты.

Мария ҚОНАРОВА, №1 АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ТІРКЕУШІСІ:

Маған ковидтің оң нәтижесі және пневмония диагнозы қойылды. Қалада карантин болғанда біздің емхана үздіксіз жұмыс істеді. Кейбір әріптесіміз ауырса да, емделіп жүріп, жұмыс істей берді. Өтемақыға екі рет құжат тапсырдық. Екеуінде де бас тартты. Себебін де айтқан жоқ. Бұл әділетсіздік қой.

Карантин жарияланғанның өзінде қытайлық індет жылдам тарады. Оны дәрігерлер көзімен көріп білген.  Өйткені, емханаға көмек сұрап келген науқастар тым көп болған. Рентгенолог Азамат Әділбекұлының бір өзі 200 адамға пневмония диагнозын қойыпты.

Азамат ӘДІЛБЕКҰЛЫ, №1 АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДӘРІГЕР-РЕНТГЕНОЛОГЫ:

Менің екінші рентгенологым ауырып қалуына байланысты, маған больничный берген жоқ. 39 температурамен екі күн қатарынан қызметімізді атқара бердік. Томография нәтижесі бойынша пневмония болсақ та осы қызметімізді атқара бердік.

Балжан ТӨЛЕГЕНОВА, №1 АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА МЕДБИКЕСІ:

КТ-ға түсіп, результаты бәрі бар. Анализ алғанда оң нәтиже беріп тұр.  Енді не керек боп тұр. Әлде өліп қалуымыз керек боп тұр ма. Өздері блокпостқа қойып тұр науқастардың жүретін жеріне.

Бірінші емханаға ресми 65 мың адам бекітілген екен. Қалың жұртқа не бәрі 300 дәрігер қызмет етеді. Ақ халаттылары әсіресе карантин кезінде қатты қиналыпты. Күні-түні осында жүрген. 100-ге тарта дәрігер COVID-пен ауырып шығыпты. Бірақ оның бәрі өтемақы алмайтын сынайлы. Өйткені, облыстық басқарма арнайы комиссия құрып түгелін тексеріп шықпақ.

Асхан БАЙДУБАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


27 материалдың 9-на оң нәтиже беріп, рұқсат берілді төленеді деген. Бүгінгі таңда 5 адамға қаралып жатырмыз материалдарын. Өйткені соңғы отырыста бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Жалпы көп кездесетін "отказдар" бұл бұйрық жоқ фильтрда істеген.


Өтемақы өз алды. Ерте ме кешпе Үкімет уәдесін түбі орындар. Дәрігерлер тоқсандық сыйақыларынан да қағылыпты. Мұның себебін басшылық біртүрлі түсіндірген. Емхана есеп-шотындағы 70 млн теңге ұшты-күйлі жоғалып кетіпті.

Асхан БАЙДУБАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Мекеменің шотынан 70 млн теңге ақша жоқ боп кетті. Бұл барлығы негізінен құжаттар арыздарын жазды. Прокуратура, фин.полға. Бүгінгі таңға, органдардың сөзінше алаяқ табылды. Бұл электронды түрде ұры боп шықты.

Қомақты қаражатты алаяқтың қалай қағып кеткені анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Б. Надирқызы