Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы төленбейді

AstanaTV
21.10.2020ж. 20:00
2237
Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы төленбейді

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы төленбейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары айтты. Әлеуметтік төлемді беру 20 қазаннан бастап тоқтатылады. Яғни алдағы жұмаға дейін медицина қызметкерлерінен өтініштер қабылданып, зерделеуден кейін қаражаттары аударылады, деді.

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазаннан кейін тек қана жұқтыру қаупі жоғары болғаны үшін ғана 3 деңгей бойынша қосымша қаражат төлейміз. Бұл жағдайлар басқа инфекциялар сияқты ауруханаішілік вирус ретінде тіркеледі. Жұмыс барысында ауырып қалған жағдайда, қолдау шаралары жергілікті атқарушы органдары есебінен көрсетіледі.

Сонымен бірге, министрлік өкілдері қатаң карантин шаралары енгізілмеуі мүмкін дегенді айтты. Оның барлығы халықтың санитарлық талаптарды қаншалықты сақтауына байланысты болады деп отыр.

А. Данияр