Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыдағы жатақханалардың 60% талапқа сай

AstanaTV
26.10.2020ж. 20:00
1743
Алматыдағы жатақханалардың 60% талапқа сай

Аймақтардан қарағанда, биыл алматылық студенттердің жағдайы көп жақсы. Оған, "Jas Otan" жастар қанатының да көзі жетіп отыр. Белсенді жастар өткен жылы қаладағы жоғарғы оқу орындарын аралап, бірнеше жатақханаға қатысты ескерту жасаған. Осы жолғы тексеру кезінде кемшіліктердің ескерілгені және талапқа сай жағдай жасалғаны байқалды. Студенттер үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп, жатын бөлмесі мен жуынатын орындары жабдықталған. Жасотандықтар бүгінгі күнге дейін Алматыдағы 96 жатақхананың 36-сын толық тексеріп шығып отыр.

Мәди АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мына жуынатын бөлмелер тек қана бір жерде ғана орналасқан болса, қазір әрбір қабатты жуынатын бөлмелерді графиксіз кез-келген уақытта барып түсетіндей жағдай жасаған. Яғни, бұл біздің жасаған мониторингтің бірі сол да бір септігін тигізді, деп ойлаймыз.

А. Кемелжан