Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елде бір аптада 29 адам қайтыс болды

AstanaTV
27.10.2020ж. 20:00
1875
Елде бір аптада 29 адам қайтыс болды

Коронавирустық инфекциядан бір аптада 29 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ең көп өлім дерегі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Онда, 7 күн ішінде 18 науқас көз жұмыпты. Жалпы Республика бойынша індеттің құрбандары - 1830-ға жетіп отыр. Ал, әлемде қытайлық індетті жұқтырғандар саны 44 миллионға жетіп отыр. Мамандардың айтуынша, бұл үрейлі сандардың әлі де өсе түсуі мүмкін. Ресейлік дәрігерлер болса, науқастар саны қыста көбейеді деп болжап отыр. Себебі, суық ауа райында бір реттік маскалардың қорғаныш күші әлсірейді екен.

Андрей КОНДРАХИН, РЕСЕЙ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бір реттік маскалар күн салқындаған кезде індеттің таралуына жылдамдатады. Өйткені қорғаныш құралы тез буланып, ылғалданып кетеді. Сондықтан оны жиі ауыстырып отыру керек . Мүмкіндігінше, тұрғындар матадан тігілген бетперде киген жөн.

А. Данияр