Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елдегі экологиялық ахуал "Jas Otan" жастар қанатын алаңдатты

AstanaTV
28.10.2020ж. 20:00
2601
Елдегі экологиялық ахуал "Jas Otan" жастар қанатын алаңдатты

Елдегі экологиялық мәселелер және олардың шешу жолдары. Елордада «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен осы тақырыпта пікір сайыс өтті. Ашық алаңда, қоршаған ортаны қорғау және оны таза ұстау, табиғатқа  қатысты жалпыұлттық мәдениет қалыптастыру мәселелері талқыланды. Бұл тақырып әсіресе өзен-көлдер мен таулы аймақтарда өзекті. Жастар сондай-ақ ірі қалаларда күл-қоқысты сұрыптау, зауыт-фабрикалардың жұмысына шектеу қою туралы ойларымен де бөлісті. Дәл осы форматта пікір тартыс елдің бірнеше қалаларында өтті. Жастардың тың ұсынысымен «Jas Otan» аймақтық филиалдарының Instagram мен Facebook парақшаларынан танысуға болады.

Арсланбек МАҒЗҰМ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біз оны жиі ұйымдастырып отырамыз. Өздеріңіз білетіндей, елімізде бірқатар проблемалар бар. Оның шешу жолдарын ұсыну үшін осы жастарды шақырып, олардың бірқатар олйарын біліп, бірлесе, былай айтқанда нетворкинг жасап, осындай жұмыстарды атқарамыз.

А. Мүтәлі