Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Екібастұзда инкассатор көлігі өртенді

AstanaTV
30.10.2020ж. 20:00
2223
Екібастұзда инкассатор көлігі өртенді

Екібастұзда инкассатор көлігі өртеніп кетті. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Өрт сөндірушілер келгенше көліктің моторы мен салоны тұтастай жанып кетті. Оқиға орнына күзетшілер екінші қызметтік көлікті шақыртып, соған ақшаны дереу тиеп үлгерді. Бірақ, онда қанша қаражаттың болғаны әзір белгісіз. Арнаулы көлік «Халық банкіні» тиесілі. Бірақ олар бұған қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Шығын көлемі де беймәлім. Инкасатор көлігінің отқа орануына, сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Асқарбек ОМАРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Өрт орнына бір едицина автокөлік және 6 қызметкер жіберілген болатын. Өрт 3 минуттың арасында тоқтатылды. Және 18:24 кеткенде өрт өшірілді. Жарақат алғандар жоқ.

Ө. Қуанар