Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

27 мың алматылық студент жатақханаға мұқтаж

AstanaTV
24.11.2020ж. 20:00
1843
27 мың алматылық студент жатақханаға мұқтаж

Жасотандықтар жатақхана тапшылығын жою үшін салынған, студенттер үйін аралап көрді. Алдымен  Қонаев академиясының шәкірттеріне арналған 100 орындық жатақхана олардың көңілінен шықты. Нысан толық дайын, жақында пайдалануға берілмек. Бұл - Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының бірі болатын.

Ердәулет ТӘЖІБАЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жатақхана соңғы технологиялармен жабдықталған. Інішде лимитсіз ғаламторы болады. Лэд аудиториялар болады. Студенттерге демалыс орындары болады. Бір этажда екі секция, алты бөлме болады. Әр секцияның өзінің санузелдері бар.

Сондай-ақ, Каспий қоғамдық университетінің ескі жатақханасына жасалған күрделі жөндеу жұмыстары да жасотандықтардың көңілінен шықты. Әйтсе де, қаладағы жатақхана жетіспеушілігі әлі толық шешімін таппады. Алматыда білім алатын 160 мың студенттің 27 мыңына жатақханадан орын жетіспейді. Оларды қамту әлі де жалғаспақ.  Дегенмен заман талабына сай болуын белсенді жастар өз назарына алған.  

Мәди АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біріншіден жұмыстың орындалу сапасы. Сонымен қатар, бір бөлмедегі студенттердің санының шектен асып кетпеуі, іште жуынатын бөлмелердің жеке болуы, ас үйдің толықтай қамтамасыз етілуі, мына кір жуатын бөлменің толықтай қамтамасыз етілуі.

А. Кемелжан