Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шетелден ұшып келген 72 адамнан коронавирус анықталды

AstanaTV
26.11.2020ж. 20:00
1605
Шетелден ұшып келген 72 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт артты. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте 820 адамнан COVID-19 анықталған. Осылайша, наусқастардың жалпы саны 128 мыңнан асты. 115 мыңдай адам дерттен айығып шыққан. Соңғы күндері статистикадан індет құрбандарының артқанында байқауға болады. Пандемия басталғалы 2008 қазақстандық қытайлық кеселден көз жұмды. Қазіргі таңда жұқпалы дертті жұқтырған 12 мыңға жуық азамат емделіп жатыр.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Ауруханаларда 3 198 науқас жатыр. Ал, 8 373 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. Жалпы сырқаттанушылар арасында 210 адамның денсаулық жағдайы ауыр. Соның ішінде 32 пациенттің ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас өкпені  жасанды желдету құрылғысына қосылған.


"Тәж" вирусының артуына шетелден ұшып келген азаматтар да себепші болып отыр. 25-ші қарашада халықаралық рейспен келген 2 адамнан індет анықталып, олардың саны 72-ге жетті. {КТМ3} Бұдан бөлек, Ақмола облысында тағы да карантин күшейтілді. Көкшетау мен Степногорск қалаларына кіріп-шығуға тыйым салынды. Ойын-сауық орталықтары, мәдени және діни объектілердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Шектеу шаралары 28 қарашада басталып, қанша уақытқа созылары белгісіз.

А. Данияр