Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылордада қытайлық мұнай компаниясына тиесілі жатақхана өртенді

AstanaTV
02.12.2020ж. 20:00
1716
Қызылордада қытайлық мұнай компаниясына тиесілі жатақхана өртенді

Қызылордада «Бектас-Қоныс» кен орнындағы қытайлық  «CNEC» (КНЭК) мұнай компаниясына тиесілі жатақханадан өрт шықты. Келтірілген деректерге қарағанда бұл жатақхана бір-біріне жақын орналасқан 100 контейнерден тұрған. Соның 48-і толық өртеніп кетіпті. Өкінішке қарай үш адам көз жұмды. Қаза болғандардың екеуі ер, біреуі әйел адам. Құтқарушылар, бес сағат жүріп отты әрең өшірген. Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз. "Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауына", байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Руслан ҚАЙРАҚБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ м.а.:

 
Шығу себебі мен шығыны анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болжам бойынша электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан деп отырмыз.



М. Тоқтасынқызы