Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Саура шатқалы мен көлін мұз басты

AstanaTV
14.12.2020ж. 20:00
2393
Саура шатқалы мен көлін мұз басты

Маңғыстаудың інжу-маржаны саналатын "Саура" шатқалы мен көлін мұз басты. Облыс тұрғындары  әлеуметтік желілерде табиғаттың ерекше көрінісін жаппай бөлісіп жатыр.

Соңғы уақытта сырға толы Саураның қысқы көрінісін тамашалауға келетіндердің саны артқан. Өйткені, Саураның бетіне  мөлдір мұз қатуы - өте сирек кездесетін құбылыс. Жергілікті тұрғындар мен туристеріне көлдің ерекше көрінісін жақыннан тамашалауға мүмкіндік туды. Айта кетейік, "Саура" үш жағы тік жартастармен қоршалған. Олардың биіктігі 50 метрлік "тостаған" тәрізді болып келген. Көлдің суы тұнық, әрі таза.

Б. Нәдірқызы