Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Алматы облысында жүр

AstanaTV
04.01.2021ж. 20:00
1581
«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Алматы облысында жүр

«Ақ жол» демократиялық партиясы, жас отбасыларға арналған ипотеканың пайыздық мөлшерлемені төмендетуге ниетті. Бұл туралы саяси ұйым өкілдері, Алматы облысында барған сапарлары кезінде айтты.

Үгіт-насихат тобы өңірдегі кәсіпорынды аралып, ондағы қызметкерлерімен кездесті. Сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді. Әсіресе үй алу жолдары көпшілікті қызықтырды. Жеңілдетілген несие отыз жасқа дейінгі отбасылардың әлеуметтік жағдайын қолдау және баспаналы болуға мүмкіндікті арттырады. Мысалы, бір бала өмірге келсе несие үстемесі 25 пайызға азайтылмақ. Екінші сәби үшін де осындай жеңілдік қарастырылған. Ал, көпбалалы отбасылар үшін несие пайызы толықтай кешірілмек. Бұл - «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Үміттері ақталса, берілген уәдені орындауға дайынбыз, дейді саяси ұйым өкілдері.

Ербол ОМАРХАНОВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз бұл кәсіпорында көбінесе жастардың қызмет ететінін көрдік. Олардың біздің сайлауалды бағдарламамыздағы ипотекалық қарызды жеңілдету туралы жобамыз қатты қызықтырды. Саясатта өзгеріс болмаса экономикада да даму болмайды. Сондықтан «Ақ жол» партиясы қоғамды толғандырған мәселелермен күреседі.

Сонымен қатар «Ақжолдықтар» орта және шағын кәсіпті дамытуға да басымдық беріп отыр.  Яғни кәсіпкерлерді салықтан босатпақ. Үгіт-насихат тобы мүшелерінің айтуынша, мұндай жеңілдік  төтенше жағдай мен карантин кезіндегі қиындықтан шығуға үлкен көмек болмақ.

Юрий ШИН, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жеңілдіктер - орта және шағын кәсіпкерлерді қолдауға арналған. Аталған сала өкілдері де Үкіметтің көмегін көруі тиіс. Ал, қолдау болмаса еліміздегі кәсіпкерлік тығырыққа тіреледі. Отыз жылдағы еңбек ақталмай қалады.

Айта кетейік, "Ақ жол" демократиялық партиясы 38 үміткерді саяси додаға бақ сынауға ұсынап отыр.  

А. Кемелжан