Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Adal» партиясының мүшелері Семейлік сайлаушылармен кездесті

AstanaTV
05.01.2021ж. 20:00
2286
«Adal» партиясының мүшелері Семейлік сайлаушылармен кездесті

«Adal» партиясының мүшелері Семейлік сайлаушылармен кездесті. Көпбалалы отбасылар мен кәсіпкерлерді мазалаған өзекті тақырыптарды талқылады.  

Көпбалалы отбасылармен кездесу барысында түрлі мәселелер көтерілді. Өзектісі – баспана проблемасы. «Adal» партиясы сайлауалды бағдарламасында ипотека алу үшін де бастапқы жарнаны жинау қарапайым халық үшін қиын екенін алға тартып отыр. Сондықтан оны төмендету механизімін өзіңнің сайлауалды бағдарламасына енгізген.

Дәулет МҰҚАЕВ, «ADAL» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Бала көбейген сайын ипотека проценті азаюуы керек. Көпбалалы отбасыларға қаладан ауылға көшу ұсыныстары болса, онда оларға тегін үй беру мәселесін де қарастырып отырмыз.


Тұрғындар бизнеске арналған гранттарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Дәулет Мұқаев партияның веб-сайты арқылы белгілі бір аймақта мемлекет қаржысының неге жұмсалатынын көрсетті. Сондай-ақ партиялықтар жемқорлықты жоюдың алғышартын атады.

Ардақ НАЗАРОВ, «ADAL» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жемқорлық дейді, болып жатқан әртүрлі нәрселерді жоямыз дейді. Бірақ біз текті, жанашыр ұрпақты тәрбиелемей ешқайсысын жоя алмаймыз. Елдің руханияты түзелсе мемлекетіміз қуатты болатынына мен сенімдімін.


Сондай-ақ құрылыс материалдарын шығаратын жергілікті компаниямен кездесу барысында аймақ тұрғындарының зейнетке шығу жасын қайта қарауы керектігі айтылды. Жұмысшылардың айтуынша, экология мәселесіне байланысты өңірдегі орташа өмір сүру жасы өзге өңірлерге қарағанда төмен.  Айта кетейік, "ADAL" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер ұсынылған. Ал, жергілікті мәслихаттарға 537 адам кандидат ретінде тіркелген. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында негізгі 5 бағытты ұстанып отыр. Саяси ұйымның басты мақсаттарының қатарында елдің шалғай ауылдардағы тұрғындарды жұмыспен қамтып, бизнес бастауға ниеттілерді қолдау бар.

Ә. Өмірзақ