Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алдағы 5 жылда ауылшарушалығы есебінен 500 мың жұмыс орны ашылмақ - "Nur Otan" партиясы

AstanaTV
06.01.2021ж. 20:00
1862
Алдағы 5 жылда ауылшарушалығы есебінен 500 мың жұмыс орны ашылмақ - "Nur Otan" партиясы

«Nur Otan» өңірлерде халықпен кездесуді жалғастыруда. Бүгін партиялық сайлауалды штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Чапаево ауылында орналасқан «Қызылжар сүт» базасы теріскейдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Нұротандықтар өндіріс орны басшыларымен және қызметкерлерімен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында саланы дамыту мәселелері қарастырылды. Штаб жетекшісі Бауыржан Байбектің айтуынша, «Nur Otan»  алдағы 5 жылда жаңа инвестициялық жобалар мен фермерлік шаруашылықтар құру мәселесін қолға алмақ. Бұл жоба кемінде 500 мың адамды жұмыспен қамтиды.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Осы Солтүстік өңірлерде әлеует өте зор. Ауылшаруашылғы дамиды мына жерде, халықтың табысы өседі, жағдай жасалынады. Ал енді осы ауылға келетін болсақ,  5 жыл ішінде 53 км су әкелінеді, жылу кәріз жүйесі мына жерде 14 км жасалынады. Сосын мына жерде емхана 250 орындық болады. 6 амбулатория болады. Біздің бағдарламада барлығы нақты жазылған. 

Бұдан кейін Петропавл қаласында сайлауалды штаб өкілдері бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен жүздесті. Жалпы, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жалғасын табады. Жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілер үшін өтемақы төлемі енгізіліп, ол қаражат ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын ашуға бағытталады,-деді Бауыржан Байбек.

Ғ. Өтемісов