Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"ADAL" партиясы үзіліссіз 12 сағаттық тікелей эфир өткізуде

AstanaTV
08.01.2021ж. 20:00
4001
"ADAL" партиясы үзіліссіз 12 сағаттық тікелей эфир өткізуде

"ADAL" партиясының үгіт-насихат жұмыстары әлеуметтік желіде қыза түсті. Олар үзіліссіз жүретін 12 сағаттық тікелей эфирді бастады.

"Адалдықтар" әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта, яғни тікелей эфирлерді қолға алған. Бүгін түңгі 23 сағат 59 минутқа дейін үзіліссіз жүретінін хабарлады. Онда сайлауалды бағдарламаларын насихаттап, көрермендердің сұрақтарына жауап бермек. Айта кетсем, партия өкілдері елдің 17 аймағында үгіт-насихат жұмыстарын аяқтаған. Осы аралықта 4900-ден астам кездесу өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдапты. Партия белсендісі Мақсат Толықбай, азаматтардың өтініші бойынша өзекті проблемаларды талқылауға назар аударамыз, дейді.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірінші кезекте жұмыс керек, тұрақты жұмыс. Басына баспана керек. Мұның бәрі үлкен проблемалар. Ауылда жастар бизнес бастағысы келеді. Бірақ оғанда қол жеткізе алмайды. Енді бағдарламалар бар мемлекеттік одан арзан пайызда несие алайын десең кепіл сұрайды. Ауылдағы адам несін қояды кепілге, үйі ары кетсе 500 мың теңгеге бағаланады. Осы мәселенің бәрін көтеріп жүрміз. Жалақы мәселе, мысалы бюджет қызметкерлерінің жалақысын, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын орташа деңгейде кемінде 200 мың теңге қылу.

"ADAL" партиясының қатарында үгіт-насихат жұмыстарына дейін, 53 мың мүше болса, қазір олардың саны 300 мыңнан асып жығалады екен. Партияның дерегіне сенсек, науқан басталғалы күніне орташа есеппен 13 мыңдай адам тіркеледі. Олар жақтастарының қатары тағы да көбейетініне сенімді. Аталған партия Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткерін ұсынған. Ал, жергілікті мәслихаттарға 537 кандидатын тіркеген. Партиялықтардың орташа жас мөлшері: 41 жасты құрайды. Саяси додаға түсетін үміткерлерінің 31 пайызы - жастар.

А. Данияр