Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда 17 жастағы қыз антисептиктен қайтыс болды

AstanaTV
03.02.2021ж. 20:00
2429
Павлодарда 17 жастағы қыз антисептиктен қайтыс болды

Павлодарда 17 жастағы бойжеткен антисептик ішіп қайтыс болды. Оқиға қиын жағдайға тап болған балаларға көмек беретін аймақтық орталықта болған. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм антисептикті 3 күн бойы суға араластырып, ішкен. Бірақ, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмаған.

Ирина ОРСАГОШ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қыз бала антисептикті көп мөлшерде пайдаланған. 31 желтоқсан, 1-қаңтар, 2-қаңтар күндері ішіпті. Сол себептен де, уланып қалған. Қолымыздан келген барлық көмекті жасадық. Алайда, марқұм ес жимастан, қайтыс болды.

Сондай-ақ, осы күні облыстық балалар ауруханасына, аталған орталықтан тағы 2 қыз бала улану фактісімен жеткізілген.  Кейін олардың да антисептик ішкені белгілі болды. Алайда, олар дер кезінде көмекке жүгінгендіктен, дәрігерлер өмірлерін сақтап қалған. Қазір екі оқушы да құлан таза жазылып шықты. Ал орталық директоры бойжеткендер антисептикті жасырын қолданып келген деп отыр.  Қазір аталған іске байланысты полиция іс қозғап, тергеу бастады.

Николай ҚОЖАХМЕТОВ, ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН БАЛАЛАРҒА КӨМЕК БЕРЕТІН АЙМАҚТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Бізге түскен балалардың бәрі ата-аналарынан зәбір көрген балалар. Олар мекемеде еркін жүреді. Жабық мекеме емес. Ал қызметіне салғырт қараған тәрбиешілерге қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ал антисептиктер карантин талабына сәйкес, барлық жерде қойылған. Оны не себепті пайдаланғанын білмеймін.

Ө. Қуанар