Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Антисептик орталықтағы қызметкерлердің жұмыстан кетуіне негіз болды

AstanaTV
04.02.2021ж. 20:00
1776
Антисептик орталықтағы қызметкерлердің жұмыстан кетуіне негіз болды

Павлодарда антисептик ішіп, қайтыс болған орталықтың директоры мен 4 қызметкері жұмыстан кетті. Бұл туралы бүгін аймақтың білім беру басқармасының басшысы хабарлады. Қиын жағдайға тап болған балаларға көмек беретін аймақтық орталықта болған жайт, комиссия отырысында қаралған. Өңірдің бас педагогі Дінислам Болатханұлының айтуынша, орталық директоры өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш берген. Жұмыстан кеткендер ішінде 2 тәрбиеші мен медбике және күзетші де бар. Комиссия шешімімен орталықты енді тәртіп сақшылары 24 сағат күзетпек.

Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Осы орталықта орын алған жағдай бойынша орталықтың басшысының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар тәрбиешілер мен медбикеге де осындай шаралар қолданылды. Бүгінгі күні орталық басшысы да жұмыстан босату туралы өтініш білдіріп отыр.

Естеріңізге салайық  бұл келеңсіздік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек беретін аймақтық орталықта болған еді. 17 жастағы қыз бала антисептик ішіп, көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм аталған сұйықтықты 3 күн бойы суға араластырып, ішіп келген. Тағы 2-уі де улунумен жеткізілген. Олардың өмірін ақ халаттылар сақтап қалды. Айта кетейік, өткен жылы осы орталықта тағы да шу болған еді. Ол кезде қыз балалардың әжетханасы мен жуынатын бөлмеге камера орнатылған - деп прокурорлар дабыл қаққан. Осы даудан кейін мекемеде бейнебақылау құрылғылары алынып тасталды. Камера қоюға тапсырма берген аймақтың білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлына сөгіс беріліп, орталық директоры жазадан құтылып кеткен болатын.

Ө. Қуанар