Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жасотандықтар көше тазалап жүргендерге көмек көрсетті

AstanaTV
25.02.2021ж. 20:00
1889
Жасотандықтар көше тазалап жүргендерге көмек көрсетті

Алматыда да бүгін қалың қар жауды. Осыған орай, жасотандықтар мейірімділік акциясын ұйымдастырды. Еріктілер қаланың қар тазалаушылары мен коммуналдық қызметкерлеріне ыстық шәй мен тәттілер таратты. Әрі шаһарды қардан тазарту жұмыстарына көмектесті. Қарт адамдардың үйлеріне де барып, олардың аулаларын тазалады. Аталған акцияға 100-ге тарта ерікті шыққан.

Диана АМАНКЕЛДІ, ЕРІКТІ:

 
Бұл акцияның негізгі мақсаты ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты коммуналдық қызметкерлерге біздің тарапымыздан яғни Алматы қаласының жастарының тарапынан бірге екенімізді білдіру мақсатында, сол кісілерге арнайы ыстық шәйлар мен тәттілерді таратқан болатынбыз.


Ә. Лесбек