Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тәжікстан азаматтарының автокөліктерін сатқан кім?

AstanaTV
25.02.2021ж. 20:00
1858
Тәжікстан азаматтарының автокөліктерін сатқан кім?

Шетелдіктерге 11 миллион теңгеге жуық шығын келтірген түркістандық азамат, бас бостандығынан айырылды. Сарыағаш ауданының 31 жастағы тұрғынына сот үкім кесті. Ол төрт жарым жылын темір торда өткізбек. Еске салайық, былтыр күзде Сарыағаш ауданының полицейлеріне Тәжікстан Республикасының азаматтары арызданған. Олар карантин күшейтілген мерзімде «Қапланбек» шекара бекеті маңындағы үйлердің бірінің иесімен келісіп, ауласына 9 автокөлікті қалдырып кеткенін көрсеткен. Алайда араға бір ай салып қайта оралғанда үй иесін де, көліктерін де таппай қалғанын айтып, шағымданған.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу барысында тергеушілердің анықтағанындай шетел азаматтарының автокөліктерін 31 жастағы тұрғын алтауын Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде сатып жіберген. Ал қалған үшеуін сарыағаш ауданында бөлшектеп сатып жіберген. Заңды иелеріне автокөліктер қайтарылды.

Айыпталушыны полицейлер туысының үйіне жасырынған жерінен ұстаған. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оның бұдан бұрын алаяқтық бойынша сотты болғанын мәлім етті.

А. Төребекқызы