Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда жүк көлігі әйел адамды басып кетті

AstanaTV
26.02.2021ж. 20:00
1837
Павлодарда жүк көлігі әйел адамды  басып кетті

Павлодарда жүк көлігі , бағдаршамнан өтіп бара жатқан әйел адамды басып кетті. Жантүршігерлік оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Жаяу жүргіншіні қаққан сәт сол маңнан өтіп бара көліктердің бірінің бейнетіркеш камерасына түсіп қалыпты. Онда әйел адамның жаяу жүргіншілер жолағынан жүгіріп өтіп бара жатқаны анық көрінеді. Алайда, көше қиылысынан бұрылған көлік тоқтай алмай, жаяу жүргіншіні басып кетті. Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сенсек, ауыр көлікті 62 жастағы жүргізуші басқарған. Ал, автокөліктің кімге тиесілі екені анықталып жатыр деді.

Алма МҰСАБЕКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Жол апаты салдарынан 42 жастағы қала тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Аталған факті тіркеліп, сараптама жасалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.


Полиция жаяу жүргінші бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өткенін айтты. Ал денсаулық сақтау басқармасы көлік астына түскен әйелдің жағдайы тым ауыр екенін хабарлады. Қазіргі уақытта науқасқа тисті ем-дом жасалып жатқанын жеткізді.

Эльмира ТЕМІРҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

1978 жылғы науқас №1 ауруханаға жеткізілген болатын. Медицина тарапынан барлық іс-шаралар жасалынды. Науқастың диагнозы бас миының шайқалуы, бел омыртқасының жарақаты. Реанимация бөлімінде. Хал жағдайы ауыр. Алдағы уақытта ота жасалатын болады.


Ө. Қуанар