Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Биыл аз қамтылған 5 мың отбасыға пәтер беріледі

AstanaTV
12.03.2021ж. 20:00
1809
Биыл аз қамтылған 5 мың отбасыға пәтер беріледі

Биыл аз қамтылған 5 мың отбасыға пәтер беріледі. Елде тұрмысы төмен жандарға баспана сатып алуға несие берудің мемлекеттік бағдарламасы іске қосылуда. Банк мамандары несие 15 млн теңгеге дейін берілетінін айтты. Бастапқы жарна осы соманың 10 пайызын құрайды. Яғни бір жарым миллион теңге. Әрі биыл қала билігі бағдарламаға қатысушыларға миллион теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттарын бөлген. Бұл сома алғашқы төлемді жабады. Бүгін қалалық «Nur Otan» партиясының мүшелері болашақ қоныстанушыларға аталған бағдарламаның шарттарымен таныстырды.

Ләззәт ИБРАГИМОВА, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫ «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Бұл - 1 миллион теңгенің сертификатын - ақысыз және қайтарымсыз түрде көрсетілетін қаржылай көмек деп түсіну қажет. Бұл ақша осы бағдарламаға қатысушылардың шотына түседі. Осылайша, әрі қарай біздің банк арқылы биыл 5 мың қазақстандық отбасы қоныс тойын тойламақ.  


Бағдарламаға өтініштер сәуір айынан бастап қабылданады. Көпбалалы және жартылай отбасылар аталған жобаға қатыса алады. Әрі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар да қатысуға құқылы.  Қала тұрғыны Рәзия Бахибекова бағдарлама аясында төрт бөлмелі пәтер алуды көздеп отыр.

Рәзия БАХИБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Әлі толық ережесі шыққан жоқ бірақ үміттеміз сол ережесі шыққан кезде бәріміз де жүгіріп сол пәтермізді аламыз деген ойдамыз. Жалпы бұл бағдарламаға ризамын. Себебі кезегіміз бөлек. Ешкімге тәуелді емеспіз. Алла қаласа бәрімізде сол ойымыздағы пәтерді аламыз деген ойдамын.


Ә. Лесбек