Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

А.Еділованың денесін жақындары жер қойнына тапсыра алмай отыр

AstanaTV
01.04.2021ж. 20:00
3933
А.Еділованың денесін жақындары жер қойнына тапсыра алмай отыр

Аяусыз өлтірілген Аяжан Еділованың денесін жақындары әлі жер қойнына тапсыра алмай отыр. Мұны марқұмның туыстары айтты. Олар қоғамда тараған қауесеттер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында жасалып жатыр деп топшылайды. Жантүршігерлік қылмысқа қатысты тілшілеріміз анықтаған жаңа деректер келесі бейнематериалды.

Аяжан пәктігін саудалаған деген ақпаратты, ол оқыған колледж ұстаздары жоққа шығарды. Олар бойжеткеннің оқуда озат, әрі тәрбиелі болғанын айтады. Сондықтан «Аяжан күдіктінің үйіне 500 мың теңге үшін барған» - дегенге сенбейді.  

Томирис КУСТОВА, ҰСТАЗ:

Мен мүлде келіспеймін бұл пікірмен. Өйткені ол қызды мен басқа жағынан білемін. Қазақи, қарапайым қыз болған. Өзінің сөйлесіп жүрген жолдасы болды. Осы соңғы курсы, 4 жыл бойы осы колледжде оқып шықты, бірінші курстан бастап, грантта оқыды. Үлгілі, үздік оқушылардың бірі болды.

Дизайн және технология мамандығына түскен. Кейін киім дизайнымен әуестеніпті. Жасаған жұмыстарын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп отырған. Колледж директоры, бойжеткеннің қосымша сән салонында да жұмыс істегенін айтты.

Гүлнәр ОРАЗЫМБЕТОВА, «СЫМБАТ» ДИЗАЙН ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ АКАДЕМИЯСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 
Еділова Аяжанның өзінің коллекциялары болатын. Ол өте ерте бастады өзінің жұмысын. Басқа студенттер одан үлгі алатындай жан-жақты қыз болатын. Бос уақыты болмайтын бізге көмектесетін. 00/58 Артық жүрісін мен оның ешқашан байқамағанмын.

Түрік тілінің ұстазы Әйгенім Үсенова, Аяжанның арманы асқа еді деп еске алды. Ол тіл үйретіп, шетелге барып жұмыс істеуді жоспарлаған еді деп отыр.  

Әйгерім ҮСЕНОВА, ҰСТАЗ:

Жексенбі күні 14-і күні ол менен оқыды. Сосын 17-сіне оқыды. Сол кезде айтты аптасына үш рет келсем. Мен үйренсем түрікше, жазға дейін, қалай болады деп. Ондай жеңіл жүрісті қыз деп айта алмаймын Аяжанды. Өте аңқау қыз, может алдап шақырды.


Жатақханада көрші тұрған Баян да, соңғы күндері орын алып жатқан жайттардан ес жия алмай жүр. Ол қылмысқа барды деген күдіктіге қатысты бұрын-соңды тіпті естімеген.

Баян БАЛТАБАЙ, ҚҰРБЫСЫ:

Арамызда қаншама әңгіме болды. Бірақ ол ондайға баратын қыз емес. Алдап шақырған шығар. Жұмыс бабымен. Потому что ол жұмысқа қатты кірісіп кеткен.

Ал арнамызға сұхбат беруден бас тартқан Аяжанның туыстары марқұмның денесін әлі жер қойнына тапсыра алмай отырғандарын айтты. Олар тергеу салдарынан дене бөлшектері бізге берілмей отыр дейді. Ал қоғамда тараған қауесет әңгімелер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында деп топшылады. Аты шулы іске қатысты ішкі істер министрлігі түсінік берді.

Ермек ШҮЛДЕН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл қылмыстық істі 26-шы наурыздан бастап арнайы прокурорлар жан-жақты тергеп жатыр. Біз тергеу барысын жария ете алмаймыз. Оны таратуға немесе қандай да бір ақпарат айтуға құқығымыз жоқ. Қазір 28 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.


Естеріңізге салсақ, 19 жастағы Аяжан 19-шы наурыз күні кешкісін жұмыстан шығып, қайта оралмаған еді. Оның бөлшектелген денесі араға екі күн салып, Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Айта кетейік, күдікке 28 жастағы Түркістан облысының тумасы ілікті. Оның кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық Кодестің 99 бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ә. Лесбек