Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда футбол жанкүйерлері алаңда шу шығарды

AstanaTV
13.04.2021ж. 20:00
1575
Атырауда футбол жанкүйерлері алаңда шу шығарды

Атырауда футбол жанкүйерлері шу шығарды. Олар жергілікті «Атырау» футбол клубының басшылығының отсавкаға кетуін талап етті. Олар жеңілістен көз ашпаған ойыншылардың сәтсіздігіне, клуб басшылығын кінәлайды. Тараптарды таңдаған әріптесімнің репортажы.

Футбол алаңы бүгін айқай-шуға толы. Бірақ мұнда мач болып жатқан жоқ. «Атырау» футбол клубының жанкүйерлері басшылықтың жұмыстан кетуін талап етті. Олардың қазіргі құрамның ойынына көңілдері толмайтындарын ашық айтты.
 
Жалғас КҮЗЕМБАЕВ, ЖАНКҮЙЕР:

Жергілікті балаларды ойнатса да жеңіледі, ойнатпаса да жеңіледі. 8 легионермен ойнаса да жеңіледі. Руководстваны полный ауыстыру керек. Қазиқановтан доверетельный қолдан алу керек, Ақтөбе Смақов барда доверетиленьниге өтіп кетті ғой, сосын кері алды, біз неге ала алмаймыз? Әлде біздің қанымыз жоқ па? Жанымыз жоқ па? Біз қашанғы шыдаймыз?

Жанкүйерлердің айтуынша, футбол клубын 10 жыл бойы сенімгерлікке алған адамның, ала допқа еш қатысы жоқ. Ойыншылар осының сазайын тартып отыр дейді. Сондықтан олар жеңілістен көз ашпай келеді деп топшылайды.  

Набежан ҚУАНЫШОВ, ЖАНКҮЙЕР:

Ол кім адам, футболда жұмыс жасамаған. Ол біздің бюджетке 10 жылға отырды, бюджеттің ақшасын жейді-жейді де  кетіп қалады. Все, қалады бәрі. Облыстағы администрация көзбен көріп отыр. Ноғаев кезінде незаконный передача призвыл без тендер, без ничего ешкімде білмейді. Заңсыз, бәлең рет бардық. Аким облостой айттық, без движение отыр бәрі. Заңсыз. Қайдағы жоқ боксер, келіп футболды басқару деген.Басшыны менять надо.

Өз командасының бірнеше қайтара жеңілісіне әбден ашулы жанкүйерелер, әкімдіктен қайран болмаса, ел президентіне дейін барамыз деп отыр. Өздерін аймақтағы өзге де футбол сүйер көпшіліктің қолдайтынына сенімді. Олар бас жаттықтырушы мен клуб директорын сұрақтың астына алды.

Арам ВОСКАНЯН, «АТЫРАУ» ФК БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Бұл - футбол. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Астананың ойынын көрдіңіздер ғой, сәтті болмады 2:1, пенальти. Футбол болғандықтан мұндай нәрселер болады. Ойынға талдау жасадым. Жігіттер өздері жіберген қателіктерін біледі. Қазір дайындалып жатырмыз. Нағыз жанкүйерлер команданы қиын кезде қолдайтын еді. Жігіттерді қолдауларыңызды сұраймын.


Қоныспай ШПАНОВ, «АТЫРАУ» ФК ДИРЕКТОРЫ:
 
Нәтиже нағыз болмаған жағдайда, командамыз қайтадан выживания өмір сүріп жататын болса,өзіміз кетуге дайынбыз. Басшылық өзі жауап берер, өз басым кетуге дайынбыз.

Айта кетейік, «Атырау» командасының 28 ойыншының 8-і легионер. Биыл жоғары лигада ойнау үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінген. Клуб ертең  «Жетісу» командасымен кездеседі.

Б. Нәдірқызы