Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атыраулық шенеунік қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

AstanaTV
15.04.2021ж. 20:00
2732
Атыраулық шенеунік қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Бүгін Атырауда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысына қатысты сот шешім шығарды.  Шенеунік шетелдік жұмысшыға рұқсат қағазын беруге көмектесіп, әр жұмысшы үшін 500 мың теңгеден пара алды деген күдікпен тергеуге алынған еді. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлаған болатын. Алайда тергеу барысында алаяқтық және пара алу бабы бойынша тағылған айып дәлелденін таппаған. Тек қызметтік бабын асыра пайдаланып, жәбірленушілердің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіргені анықталыпты. Бұл эпизодтар бойынша шенеунік өзіне тағылған айыпты толығымен мойындаған және шынайы өкінішін білдірген. Қысқартылған тәртіпте жүргізілген сот, бүгін онлайн өтіп, бұл іске нүкте қойды.

Зәуре ҚАЗАҚБАЙ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Отбасы жағдайын, семьясындағы жас балалардың бар екенін, мүгедек қызы бар екенін, осыған дейін өзінің қызметін адал атқарып келгенін көптеген мұқтаж адамдарға көмектескенін әлі де оларға көмектесуге дайын екенін  көрсетіп, өзінің  шынайы әрекетіне  өкініп тұрғанын байқатты. Осыны негізге алып Қылмыстық Кодекстің 65 бабымен қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Айта кетейік, Серік Хамидоллаға прокурор бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл мен өмір бақи бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бұл лауазымды орынға 2 жыл бұрын тағайындалған шенеунік аймақ тұрғындарына қайырымды істерімен өте танымал. Көпшілік  оның мұндай әрекетке баруы мүмкін емес деп араша сұраған еді. Серік Хамидолла енді жұмысын қайта жалғастыруға ниетті.

Серік ХАМИДОЛЛА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Түн ұйқыларын төрт бөліп барлық атырау облысының халқыма үлкен алғысымды айтамын. Халқым мынадай сенім артып тұрғанда мен қызметімді жалғастарамын. Мен халқыма қызмет етемін.

Б. Надірқызы