Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен пәтер алған тұрғындар шу шығарды

AstanaTV
19.04.2021ж. 20:00
1481
Алматыда мемлекеттік бағдарламамен пәтер алған тұрғындар шу шығарды

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғандар, ыстық сусыз отыр. «Восточка» тұрғын үй кешені тұрғындарыі  апта бойына судан қағылғандарын айтып, арнамыздан көмек сұрады. Әрі пәтер иелері кооперативінің жұмысына көңіліміз толмайды деді. Ашуға булыққан тұрғындардың уәжін әріптесім Әсем Лесбек тыңдап қайтты.

Жас ана Әйгерім Қазымбек «Восточка» тұрғын үй кешеніне былтыр жазда көшіп келген. Екі бөлмелі пәтерін мемлекеттік бағдарлама арқылы алған. Содан бері мұндағы мәселелер оны мезі етіпті.  

Әйгерім ҚАЗЫМБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйімізді 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасымен алдық. Көшкелі бері проблемалардан көз ашпай келеміз. Коммуналдық қызметке айына 4 мың төлейміз. Бірақ аулаларымыз лас, жолдары ойық-ойық, балаларға қауіпті. Енді міне ыстық су жоқ.

Қала орталығында орналасқан пәтерлерде көбіне жас отбасылар мен зейнеткерлер тұрады. Олар ыстық су өшкелі, шәйнекке су жылытып, шайынып жүргендерін айтуда.  

Ділдә ҚҰРМАНБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа үй болғанымен өте көп мәселелер шешілмеген. Өткен жұмадан бастап ыстық су жоқ. Ұят емес па осы кезде ыстық сузыз отыру. Проблеманы мына құрылысшылар застройщик шеше алмай отыр.

Әсел ОРАЛБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ыстық сусыз әрине ыңғайсыз. Біз ПИК өкілдері мен құрылысын салған мердігер мекемеге талай бардық. Естуімізше құрылыс компаниясының газ тарату мекемесіне 24 млн теңге қарызы бар екен. Сондықтан олар жылуды бермей отыр.


Мәселені анықтау үшін құрылысын салған мекеме басшыларына хабарласып көрдік. Бірақ ондағылармен байланысу мүмкін болмады. Ал кешенге тиесілі ПИК басшысы, ыстық судың қосылғанын айтты.

Арыстан РСАЕВ, ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Ыстық су тұрғындарға жаңа берілді. Оның неге өшкенінен хабарым жоқ. Жалпы кешенге тазалық жұмыстары аптасына екі рет жасалынады. Қазір мұнда әлі құрылыс жүріп жатыр. Сондықтан аулалар тез шашылып кетеді.

ПИК басшысының айтуынша, жаңа баспанаға тұрғындардың 70 пайызы қоныстанған. Ал мұндағы құрылыс жұмыстары шарт бойынша жазға дейін аяқталуы тиіс екен.

Ә. Лесбек