Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

3000-нан астам дәрігерге "Алғыс пакеттері" таратылды

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
1652
3000-нан астам дәрігерге "Алғыс пакеттері" таратылды

"Biz Birgemiz" волонтерлар қозғалысының өкілдері "Дәрігерлерді ардақтайық"  ұранымен  елордалық медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетті. "30 игі іс" республикалық акциясы аясында ақ халаттыларға "Алғыс пакеттері" таратылды.  Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерді қолдау шарасы Нұр-Сұлтан қаласында ғана емес, өзге де өңірлерде өтеді. "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" жастар қанаты төрағасының айтуынша, әрбір пакетте дәрігерлерге арналған дәруменге толы жеміс-жидектер мен өзге де азық-түлік  бар. Шара барысында 3000-нан астам дәрігерге қолдау көрсету жоспарланған.  

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Елбасымыздың бастаған үлкен "Biz Birgemiz" бастамасы аясындағы іске асырылатын жоба. 105 мыңнан астам еріктінің осы үлкен бір қозғалысқа бір арнаға тоғысып, 30 жылдықтың аясында "30 игі іс" үлкен жобасын іске асыру ойымызда. Жол картасында партиямыздың 2025 жылға дейін еріктілікпен айналысатын жастардың санын 100 000 арттыру жоспарланған.

Перизат ҚАЙРАТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жас конгресс қайырымдылық бағыты алғашқы болып қолдайды. Және алдымыздағы аптада осы елордамыздағы 40 отбасыға азық-түлік қорабы таратылатын болады.

"Jas Otan" жастар қанатының 500-ден астам еріктісі жұмыс  бабымен айлап үйіне қайта алмай жүрген  1700 медицина қызметкеріне "Алғыс пакетін" үлестірді. Сый-сияпатқа ие болғандардың қатарында №1 Көпбейінді қалалық ауруханасының қызметкерлері де бар.

Бақытжан АБДУЛЛАЕВ, №1 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Biz Birgemiz" ұраны аясында Қасиетті Рамазан айының кезеңінде  №1 Көпбейінді қалалық ауруханасының ұжымына бүгінгі таңда берілген сыйлықтарына шын жүректен алғыс білдіреміз.


А. Данияр