Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырауда 7 полицей лауазымынан айрылды

AstanaTV
26.04.2021ж. 20:00
2458
Атырауда 7 полицей лауазымынан айрылды

Атырауда әйелдің басынан балғамен ұрып, кейін өзі асылып қалған қанды қылмыстан соң, жеті бірдей полицей лауазымынан айырылды. Бұл туралы полиция департаментті хабарлады. Бір ай бойы зорлық құрбаны болған келіншектің әпкесі, озбырдың айуан әрекетіне тосқауыл бола алмаған құқық қорғаушыларды қатаң жазалауды сұрап отыр. Оның айтуынша сіңілісі 37 жастағы ер адаммен инстаграмм желісінде танысқан. Сөйлесіп жүргенімен, болашақта бірге тұру туралы жоспары мүлдем болмады,- дейді. Алғаш рет соққыға жыққан күннен бастап, сіңілісі де, өзі де бірнеше рет полицияға шағым түсіріпті. Бірақ учаскелік полицей жүрдім-бардым қарап, нақты жазалауға асықпағанның соңы, өкінішке ұрындырды, - деді.

Алиса САТАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ӘПКЕСІ:

Мен сол кезде учаскелік полицияға бірнеше рет қоңырау соқтым. Мен екінші рет қоңырау шалғанда  ол ашуланып, мен енді ұшып барайын бар. Ол сіңліңді өлтірмейді. Мен адамдарды жібердім- деді.  2-3 минуттан соң  ортаншы жиенім Алиса әпке, тезірек кел. Ол анамды балтамен ұрды,- деді. Негізі балғамен соққан. Бала айыра алмаған. Мамамнан қан ағып жатыр,-  деді. Мен ішкі істер министрінен  қалалық полиция басшысынан бастап, осы іске қатысы бар учаскелік полицей, тергеушілерге дейін қатаң жазалауын талап етемін.  

Болат КӨШҚАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің үш бабы бойынша, яғни ауыр дене жарақатын салу, зорлау  және өзгенің мүлкіне қол сұғу баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қызметтерінде заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Яғни лауазымдарынан босатылды. Сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің «Салғырттық» бабы бойынша  тергеп-тексеру жүргізілуде.

Естеріңізге салайық, жантүршігерлік бұл қылмыс жайлы, ең алдымен әлеуметтік желіде «Не молчи» қоғамдық қозғалысы дабыл қаққан еді. Бір ай бойы қыр-соңынан қалмай, ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсетіп келген 37 жастағы қала тұрғыны, баса-көктеп кіріп, әйелді балғамен соғып, өзі асылып қалған болатын. Зардап шеккен әйелі әлі ауруханада жатыр.

Б. Нәдірқызы