Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Биыл ҰОС ардагерлеріне 6,4 млрд теңге бөлінген

AstanaTV
06.05.2021ж. 20:00
1939
Биыл ҰОС ардагерлеріне 6,4 млрд теңге бөлінген

Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғаларға, мереке қарсаңында 6 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов хабарлады. 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 665 ардагер бар. Екі жыл бұрын бекітілген ережеге сәйкес әрқайсысы 1 млн теңгеден алады. Сондай-ақ Жеңістің 76 жылдығына орай естелік сыйлықтар да беріледі.

Ерлан ӘУКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Мемлекет бойынша бұл біржолғы төлем стандартталған. Басқа елдермен бұл бағытта арнайы салыстыру жүргізілмеді. Дегенмен, басқа елдерге қарағанда, Қазақстанда төлем жағынан жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Мысалы, Өзбекстанда біржолғы төлем 500 мың теңге, Ресейде 60 теңге шамасында.

Ардагерлерден бөлек Ленинград тұрғындары мен концлагерьлердің бұрынғы тұтқындарына кемінде 50 мың теңге, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңгеден берілген.  

Ә. Өмірзақ