Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Павлодарда қала іргесіндегі Ленин кенті 1 айдан бері сусыз отыр

AstanaTV
31.05.2021ж. 20:00
1023
Павлодарда қала іргесіндегі Ленин кенті 1 айдан бері сусыз отыр

Павлодарда қала іргесіндегі Ленин кенті сусыз отыр. 10 мыңнан астам халқы бар елді-мекеннің тіршілік нәрінен қол үзгеніне айға жуықтаған. Алайда, жергілікті шенділер бұған тұрғындардың өзін "ішер сумен бау-бақша суарады" деп кінәлайды.  Ал тұрғындар жылда қайталанатын проблеманы әкімдік шеше алмай отыр дейді. Халық пен әкімнің текетіресін Өзгеріс Қуанар тыңдады.

Ашулы халық бірден қала әкіміне шүйлікті. Олардың айтуынша, шаһарда қанша әкім ауысқанымен, бірде біреуі бұл мәселені шеше алмаған.  1 айға жуық сусыз отырған халық енді  шыдамымыз таусылды дейді.  

Сейілхан СЕЙСЕНБАЕВ, ЛЕНИН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына насостар уже стройдан шығып жатыр. Скоро совсем болмайды. Митингке шықпай  мені успокоить етіп,  ауыздарын жабамыз деп келіп отыр.

Елді-мекенге орталық су құбыры 2018 жылы тартылған. Бірақ жобадаға қателіктен жұрт суға жарымай отыр. "Бұған жергілікті билік кінәлі" дейді тұрғындар. Өйткені, көрші   екі ауылға бір ғана орталық су құбыры тартылған.  Ал насостардың екі елді-мекенді сумен қамтуға  мүмкіндігі жоқ.  Қысымның төмендігінен  жазда  үйлерге су  жетпейді. Себебі, бау-бақшаны суаруға да осы су пайдаланылады.
 
Махмет ДЕМЕСІНҰЛЫ, ЛЕНИН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бақауовтың тапсырмасымен миллиард ақша далаға кеткен. 10 құдықтың орнына 5-ақ құдық орнатқан.  Енді әкеліп жыртыққа жамау деп Айнакөлге 400 млн. сумма ақшаны «Ақбұлақ» деген программаға оны әкеліп бізге қосты. Ақырында мына жиналған халық шулап отыр, сусыз отыр.


Ал қала әкімі ауылға  қосымша су құбырын тарту жоспарда бар екенің   айтты.  Бірақ, елді мекенді сумен қамтуға қомақты қаражат жұмсалғандықтан, тағы қосымша ақша алу қиын дейді.   

Ержан ИМАНСІЛӘМ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз су проблемасын шешу үшін қайтадан жобалық сметалық құжат жасадық. Жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ, бұған әлі қаражат бөлінген жоқ. Бізге әлі 800 млн теңге керек. Биылғы жылы қосымша су құбыры тартылмайды. Өйткені, қазынада ондай ақша жоқ.

Мәселенің нақты қашан шешілері белгісіз. Амал жоқ, халықтың әлі де суды тасып ішуіне тура келеді.   

Ө. Қуанар