Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда маса мен шіркейдің көптігінен үй құстары қырылып қалды

AstanaTV
02.06.2021ж. 20:00
2255
Павлодарда маса мен шіркейдің көптігінен үй құстары қырылып қалды

Павлодарда маса мен шіркейдің көптігінен үй құстары қырылып жатыр. Қала іргесіндегі Павлодар ауылында қаздар бен 100-ге жуық балапан өлген. Тұрғындар қансорғыш жәндіктер құстардың тұмсығы арқылы кіріп, олардың демалуына кедергі жасаған деп болжайды. Қазір мамандар қырылып қалған қанаттыларды санауға кірісті.

Александра БОРИСЕНКО, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір күнде 5 қаз бен 100-ге жуық балапан өліп қалды. Енді менде 5 қаз ғана қалды. Отбасымыздың жалғыз табыс көзі еді. 4 баламды қаз бағып, асырап отырмын. Енді қалай күн көрерімді білмеймін. Бәрінен де құстарымның өлгені жаныма батып отыр. Енді қаздар мен балапандардың ақысын кім маған төлеп береді. Масаларға улау жұмыстарын жүргіздік – деді әкім-қаралар. Нәтижесі осы болғаны ма?

Күні кеше павлодарлықтардың шыбын-шіркейден жапа шегіп отырғанын көрсеткен болатынбыз. Масаға таланған тұрғындар аяқ-қолын суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жаппай жүктп жатыр. Тіпті, арнайы челлендж бастағандар да болды. Мақсат мәселеге жергілікті биліктің наразын аудару. Атқамінерлер болса, у-лау жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтып ақталды. Бұл мақсатқа биыл облыс қазынасынан 602 млн теңге бөлінгенін де жасырмады.

Ө. Қуанар